Жыл қорытындысы

«Аягөз қалалық №2 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК-да 2024-2025 оқу жылының аяқталуына орай балабақша меңгерушісі Айгайсанова Нургуль Каирбаевна жыл бойы жүргізілген жұмыстарды қорытындылады. Жыл бойы жеткен жетістіктер мен балалардың дамуы мен тәрбие процесіндегі жұмыстар талқыланып, алдағы оқу жылына жоспар құрылды.
“Мектепке дейінгі ұйымның үздік әдіскері” республикалық байқауының облыстық кезеңінде балабақша әдіскері Альсеитова Гульжазира Муратовна Бас жүлде иеленді, аталған байқаудың республикалық кезеңінде “Жаңашыл әдіскер” номинациясы бойынша марапатталды.
Қазақ халқының мұрасына мақтаныш, құрмет сезімін тәрбиелеу мақсатында өткізілген республикалық "Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала" байқауының аудандық кезеңінде І орынды Шарипханова Дильназ иеленді, жетекшісі: Алдабергенова А.М.
Қазақ халқының салт-дәстүрлерімен, мәдениетіне мақтаныш сезімін қалыптастыру мақсатында өткізілген республикалық “Ханталапай” ұлттық ойындарының аудандық кезеңінде І орын, Жетекшісі: Абдулланова С.А.
“Шаңырақ” Республикалық бейнеролик байқауының облыстық кезеңінде ІІІ орын Рахметолла Айдамир, жетекшісі: Аяганова Айгерим Кайратовна.
«Мен зерттеушімін» танымдық –зерттеушілік
республикалық байқауының аудандық кезеңіннен Бас жүлдені Тельмұхамет Аяла иеленді, жетекшісі: Мамышева Гульнур Сакажановна.
Аудандық мектептер мен балабақшалар арасында өткен “Аягөз дауысы” ән байқауында Нұртай Анель ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: Жолжигитова Толкын Асхатовна.
“Үздік жыл психологы” облыстық байқауының аудандық кезеңіне қатысып, Аубакирова Т.А. І орын иеленді.
Республикалық “Жарық жұлдыз” өнер байқауы “Заманауи” би жүлделі ІІ-орын, би жетекшісі: Аяганова Айгерим Кайратовна. Аталған байқаудың финалистері “Қошақан” биі жүлделі І-орын алып, Түркия еліне жолдама алды. Би жетекшісі: Аяганова Айгерим Кайраттовна.
Республикалық “Жарық жұлдыз” өнер байқауы “Тамшылар” триосы ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: Жолжигитова Толкын Асхатовна.
“Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі” республикалық байқауының аудандық кезеңінде балабақшамыздың тәрбиешісі Мамиева Октябрина Тыныбековна Бас жүлде алды, Аталған байқаудың облыстық кезеңінде “Жаңашыл педагог” номинациямен марапатталды.
"Білім Айнасы" Республикалық ғылыми-танымдық басылымының редакциясы ұйымдастырған қазақ халқының ұлы ақыны,ағартушысы Абай Құнанбацұлының шығармаларын кеңінен насихаттау мақсаттынадағы республикалық "Абай оқулары" конкурсында балабақша тәрбиешісі Абдулланова Салтанат Амиргалиевна І орын алды. Республикалық "Бастау" математикалық байқауына, "Абай оқулары", "Мұқағали Мақатаев оқулары" байқауларына тәрбиеленушілер қаттысып, жүлделі орындарды иеленді.
Оқу жылы бойы барлық педагогтарымыз аудан әкімі, білім бөлімінің алғыс хаттарымен, аудандық кәсіподақ ұйымының құрмет грамоталарымен марапатталды.
Бөлісіңіз :
Жаңа пікір қосу